Салалар
Талқылаулар
Новость
Сайын даланың сарбаз қырандары
ҚР Қарулы Күштерінің 22 жылдық және Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесі құтты болсын!
Мектебімізде оқушыларға отансүйгіштік, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында 2014 жылдың 6 мамыр күні «Сайын даланың сарбаз қырандары» тақырыбымен көлемді іс-шара өтті.
ҚР Қарулы Күштерінің 22 жылдық және
Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесі құтты болсын!
Мектебімізде оқушыларға отансүйгіштік, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында 2014 жылдың 6 мамыр күні «Сайын даланың сарбаз қырандары» тақырыбымен көлемді іс-шара өтті.
«Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналсын!»,- деген жігерлі ұраннан басталған іс-шара барысында 9а сынып оқушылары азаматтарын қан майданға шығарып салып, отбасында қалған аналардың тылдағы еңбек өмірінен көріністер көрсетті.
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы, - өлең жолдарын тыңдай отырып, М.Арапбаеваның орындауындағы «Ана туралы баллада» әні әр көрерменнің көзіне жас үйірді.
Одан әрі қазақстандық батырлардың ерлік істері туралы өлеңдер оқылып, бастауыш сынып оқушылары батыр қыздар - шығыстың қос жұлдызы туралы әндерін шырқады.
Іс-шараның екінші бөлімінде мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Х.Өрендик құттықтау сөз алып, 10 сынып оқушыларның әскери дайындықтарынан хабардар етті.
Іс-шараның үшінші бөлімінде оқушыларымыз мектеп-гимназия ер –азаматтарын мерекемен құттықтап, сазды сәлем жолдады.
Іс-шара соңында қатысушылар сахнаға көтеріліп, «Ақ көгершін» әніне қосылып тұрып:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына,- деп қол бұлғады.
![]() |
