Салалар
Талқылаулар
Новость
Кемел ойдың кемеңгері
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте академик Әлкей Марғұланның 110 жылдық мерей тойына арналған «Мақтанышы елімнің» жас ақындар сайысы, «Кемел ойдың кемеңгері» зияткерлік сайысы,
«Әлкей Марғұлан мұрасы-ұлттың рухани байлығы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция жоспарланған.
«Мақтанышы елімнің!» атты жас ақындар мүшәйрасына 24 жас ақын қатысып, бақтарын сынады. Байқауға Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, ақын Бақытжан Тобаяқов, Қайымтанушы, Елордалық Марғұлан мектебінің директоры Ербол Іргебай, педагог-ақын Бекмұрат Өмірбек қазылық жасады. Нәтижесінде Бас жүлдені № 4 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Төлепберген Д. қанжығасына байласа, І орынды № 51 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Қосылбекова М., ІІ орындарды № 40 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хамит Ә. мен № 67 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Асқар Ә. бөлісті. ІІІ орынды № 68 мектебінің 5 сынып оқушысы Өтегенова Т., № 50 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Урустембек А., № 53 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Шәдібек А. иеленді.







