Салалар
Талқылаулар
Новость
Мектеп кеңесі
24.09.14 күні №59 мектеп-лицейінде ҚР Конститутциясын, «Білім туралы» Заңын, «Балалар құқығы туралы» Заңы мен мектеп жарғысын басшылыққа ала отырып мұғалімдер мен оқушылардың мүддесін қорғау және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға көмек беру мақсатында мектеп кеңесі өткізілді. Кеңес мүшелігіне мектеп әкімшілігінен, кәсіподақ ұйымынан және ата-аналардан құрылған құрам сайланды.
24.09.14 күні №59 мектеп-лицейінде ҚР Конститутциясын, «Білім туралы» Заңын, «Балалар құқығы туралы» Заңы мен мектеп жарғысын басшылыққа ала отырып мұғалімдер мен оқушылардың мүддесін қорғау және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға көмек беру мақсатында мектеп кеңесі өткізілді. Кеңес мүшелігіне мектеп әкімшілігінен, кәсіподақ ұйымынан және ата-аналардан құрылған құрам сайланды.Күн тәртібі бойынша жаңа оқу жылының жалпы жұмыс жоспары, таныстырылды,алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.Сондай-ақ Әкелер кеңесінің төрағасы М.А.Амерханов алдағы уақытқа жасаған жоспарларын ортаға салды.Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен мектеп-лицейімізде оқушыларға патриоттық рухта тәрбие беру мақсатында мұражай ашу жұмыстары қолға алынуда.Мектеп кеңесінде сондай-ақ оқушылар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар талқыланды.