Салалар
Талқылаулар
Новость
«Туған тілім- тірлігімнің айғағы»
Қазақ тілі-дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Қазақстанның болашағы да осы қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді.Біздің де мектепте
осы тіл мейрамын атап өтуде қалыс қалмады.
Осыған орай қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мухтарова Г.Қ мен Ташмағанбетова Б.М қыркүйектің он алтысы күні 6-7 сыныптар аралығында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағын өткізді. Сайыс сабағы тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар бұл сайыс сабаққа өте жақсы дайындықпен келген. Олар тіл туралы мақал- мәтелдер айтып, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп айтудан жарысты. Өздерінің актерлік қабілеттерін де таныта білді.
Бұл сайыс сабақта 7 сынып оқушылары бірінші орынға ие болды.Олар өздерінің нағыз тіл жанашырлары екенін таныта білді. Қалған топтар да қалыс қалмады, олар да белсене қатысты. Барлық қатысқан топтар мақтау қағаздарымен марапатталды

