Салалар
Талқылаулар
Новость
ЭКСПО-2017
30.09.2014жылы №55 орта мектебінде " ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған "Болашақ энергиясы" атты сабақтан тыс кеш өтті.
Қатысқан 9-11 сыныптардың оқушылары.
Мақсаты мен міндеті:Қазақстанда өтілетін ЭКСПО-2017 көрмесін кеңінен насихаттау.Ұлтын, елін, жерін ардақтауға баулу.Өз Отан ның адал азаматы болуға баулу. Сабақтан тыс кештің өтілу барысына оқушылар зор ықыласпен, қызушылықпен, ынта, жігерімен атсалысты. Кеш өз деңгейінде безендірілген ,плакатта Н.Ә.Назарбаевтың ЭКСПО-2017ж-ғы көрмесіне арналған қанатты сөзі жазылған. Оқушылардың өз қолымен жасалған баламалы қуат көзін пайдалану үшін жел қуатын тұтынудың макеті. Кеш барысында оқушылар Қазақстан болашақтағы табиғи аппаттардың алдын алу үшін әрі экологиялық зардаптарды жою үшін бұл саладағы технологияларды дамытуға өз қызығушылығын танытты. Астанада өтетін ЭКСПО-2017ж басты тақырыбы Болашақ энергиясындағы басты бөлім Жасыл экономика. Болашақ көрмеге біздің үлесіміз Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев келешекте сұраныс артатын салалардың бірі қуат көзі екенін үнемі айтып келеді .Астанадағы дүниежүзілік ЭКСПО-2017ж көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек деді. Елбасы Қазақстан жолы-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында.
Кештен оқушылар ЭКСПО-2017ж көрмесінің отандық экономикалық мол инвестиция қосар еді.Елбасымыз атап көрсеткендей болашақ жастардың қолында екенін түсінді.


