Салалар
Талқылаулар
Новость
"Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында ток-шоу өтті
"Айтуға оңай" бағдарламасы жобасында "Қызғалдақ" қыздар клубының ұйымдастыруымен "Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында ток-шоу өткізілді.
Мектебімізде өткен "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігі оқушыларды адамгершілік - рухани даму мен адами құндылықтар әлеміне тартып, шығармашылыққа баулыды. "Айтуға оңай" бағдарламасы жобасында "Қызғалдақ" қыздар клубы ұйымдастырған "Әжелер ақылын тыңдаймыз, Болашаққа жол бастаймыз!" тақырыбында өткен ток-шоуға шақырылған ардақты аналар мен ұстаздар, мектеп бітіруші - түлектер "ХХІ ғасырдағы қазақ қызының бейнесі қандай болуы керек?" деген сұраққа терең бойлап, өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Тәрбиелік мәні жоғары ток-шоу қызықты өтті.