Салалар
Талқылаулар
Новость
М. Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша № 58 мектеп-гимназияда конференция өтті
Ақпанның 13 күні № 58 мектеп-гимназияда М. Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша ата-аналар мен 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларының бірлескен отбасылық оқырмандар конференциясы өтті. Оқырман конференциясында оқушылар мен ата-аналар топқа бөлініп, оқиғада берілген тақырыптары бойынша кейіпкерлерге талдау жасады. Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздікті аша отырып, СТО стратегиясының элементтерін пайдаланып, тақырыпты толық ашып көрсетті. 8 – сынып оқушысы Ысмайыл Даурен шығарманы монологпен көрскемдесе, Құрманәлі Ерболат тақырыпқа байланысты өзі шығарған өлеңін оқып берді. Белсенді қатысқан ата-аналарға әкімшілік тарапынан мақтау қағаздары тапсырылды. Конференцияны ұймдастырған кітапхана меңгерушісі С.М Айтмағамбетова және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Е Жұмағалиеваға алғысымызды білдіреміз.


