Салалар
Талқылаулар
Новость
Бастауыш сыныптар бірлестігі апталығы аясында «Әкем, шешем және мен!» 4-сынып оқушыларымен ата-аналары арасында өтетін эстафеталық ойындар сайысы.
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен!»
Мақсаты:
«Әкем, шешем және мен!» отбасылық сайысының мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін күшейту.
Міндеттері:
- балалар мен жасөспірімдерді нашақорлықтан, жаман әдеттерден сақтау;
- әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, дене шынықтыру оқушылардың денсаулығын нығайтуға атсалысу;
- ата-аналарды салауатты өмір салтын күнделікті өмірде ұстануға үгіттеу;
- оқушыларды дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға дағдыландыру;
Өтетін орны: Мектеп спорт залы
Өтетін уақыты: 11.03.2015. Сағат: 15.00
Сайыстың барысы: Командалық
Қолданылатын құралдар: Әр түрлі доптар, гимнастикалық төсеніш, кедергілер, гимнастикалық секіртпе, ысқырық, секундамер.

Сайыстың бағдарламасы:
Жүргізуші:
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Салеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қауымы! Сіздерді келе жатқан көктем мерекесі-« Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз» мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі біздің «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Ал енді ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:
Ал енді, отбасылық командаларымызбен танысамыз. Танысуда командалар өзін таныстырады. Топтың аты, эмблемасы, ұраны және бірдей спорттық киімде болуы керек.
Бағалау «5» баллдық жүйеде бағаланады.
Денсаулық – ол күлуің, Көңіл-күйің жадырай. Денсаулық – ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Денсаулық ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол тыныққан, Жүйке-тамыр жүйесі.
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, жеңімпаздарды анықтап алғанымызша, кезекті әнге береміз.
Ән. Орындаушы:
Марапаттау: Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен, ал қалған командалар «Белсенділігі үшін!» мақтау қағаздарымен марапатталады.


Ә.Б.жетекшісі А.Ускенбаева
Бағалау парағы
|
№ |
Сайыстың түрлері |
Топтардың (команда) атауы
« Ұлан » « Жас қ/р» « Сұңқар » «Байтерек » « »
|
|||||
|
1 |
І- төреші |
28 |
27 |
28 |
37 |
|
|
|
2 |
ІІ-төреші |
33 |
35 |
31 |
36 |
|
|
|
3 |
ІІІ-төреші |
29 |
33 |
26 |
42 |
|
|
|
4 |
Қорытынды |
90 |
95 |
85 |
115 |
|
|
|
5 |
Орын |
ІІІ |
ІІ |
ІҮ |
І |
|
|

4-сынып оқушыларымен ата-аналары арасында өтетін эстафеталық ойындар сайысы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
