Салалар
Талқылаулар
Новость
Көркем мінез – мұсылманның көркі
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Осыған байланысты 17 сәуір күні мектебімізде «Нұр- Астана» орталық мешітінің қызметкері, мешіт ұстазы, филолог Қонысбек Манарбекұлы «Көркем мінез – мұсылманның көркі» тақырыбында
8-10-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қонысбек Манарбекұлы діни теріс ағым, жастардың адасушылығы, экстремистік оқиғалардың орны, діни саяси ағымдар туралы әңгімелеп, бейнефильм көрсетті. Оқушылар тарапынан көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылды.



