Салалар
Талқылаулар
Новость
Отбасым - киелі шаңырағым
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайысқа 5-6 сынып оқушыларымен ата-аналары қатысты.
Отбасы- әр адамның сүйеніші, алтын діңгегі. Өйткені ол ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай мектебімізде «Отбасы- киелі шаңырағым» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайысқа 5-6 сынып оқушыларымен ата-аналары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
- Таныстыру
- «Өнер-өмір өрнегі» ( өнер көрсету)
- «Бақытты отбасы» жобасын жасау, қорғау
- Балаларға арналады ( жұмбақ жасыру)
Нәтижесінде І орынды 6 «Ә»сыныбынан Утубаевтар отбасы , ІІ орынды 5 «В» сыныбынан Кабиденовтар отбасымен 6 «Г» сыныбынын Сарсеновтар отбасы иеленсе, ІІІ орында 6 «А» сыныбынан Көмекбаевтар отбасымен 6 «В» сыныбынын Мусабаевтар отбасы. Бұл сайыс мектептің дәстүрлі іс- шарасы болмақ.
З. Қажгереева, аға тәлімгер