Салалар
Талқылаулар
Новость
«Тәуелсіз Қазақ елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел» идеясы атты дөңгелек үстел өтті
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты мемлекеттік бағдарламасына үн қосу мақсатында бағдарламаның 89-қадамы: «Мектеп оқулықтарына Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу» атты тақырыпта мектептің педагог-ұйымдастырушысы А.Сатылганов пен тарих пәні мұғалімі С.Набиевтің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты бағдарламасының 89-қадамын талқылау мақсатында Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында Мемлекет тарихы институты және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының аға ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақ елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел» идеясы атты дөңгелек үстел өтті.
Орындаған: Сатылганова Мариям