Салалар
Талқылаулар
Новость
Қалалық семинар
2015-2016 оқу жылының 21 қазан айында желілік қоғамдастықтың аясында магнитті мектептер үшін №44 ОМ «2011-2020 жылдардағы Мемлекеттік білім бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалімнің кәсіби жетілуіндегі тәлімгерлік жаңашыл формасы» қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: оқыту мен тәжірибедегі жаңашыл әдістеменің негізінде мұғалімнің кәсіби деңгейін жетілдіру.
Міндеттері:
- сабақ барысында тәлімгерлік үрдісінің негізгі тиімді жақтарын көрсету;
- коучинг және тәлімгерлік үрдісі арқылы мектепішілік қоғамдастықта кіші топтардың жұмысын белсендіру;
- оқушылардың көшбасшылық қабілетін , оқуға деген ынтасын жаңашыл әдістемелерді енгізу арқылы жетілдіру.
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері және магнитті мектептердің І,ІІ,ІІІ деңгей мұғалімдері қатысқан.
Бағдарлама бойынша ашық сабақтары мен коучингтер, дөңгелек үстел өткізілді.
«Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі» 6 «ә» сыныпта Жанибекова Лаззат Болатовна, тарих пәні мұғалімі өткізді.
«Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме» қазақ әдебиеті сабағын 7ә сыныпта Джусупбекова Дарига Ашировна, ІІІ деңгей мұғалімі өткізді.
«Параллельные прямые в окружающем нас мире» геометрия сабағын 7а сыныпта Нуркеева Айгуль Онгаровна, ІІІ деңгей мұғалімі өткізді.
Коучингтер:
1 «Повышение статуса педагога в контексте реализации Государственной Программы развития образования на 2011-2020 годы»Махамбетова Камчат Давкеновна, І деңгей мұғалімі
2 «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету». Жаксыбергенова Кенжегуль Хамзақызы, ІІ деңгей мұғалімі
«Тәлімгерлік – ұстаздық шеберлік бастауы» дөңгелек үстелі І деңгей тыңдаушы- мұғалімдер Сурпкелова Бадыча Хайдаровна, Касенова Бахытжан Гомаровна өткізді.
Семинар өз мәресіне жетті
