Салалар
Талқылаулар
Новость
Ата- аналар назарына! Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері
Аптаның алты күнін партада өткізетін оқушылар бүгін де оқуларын тәмамдап 1-ші тоқсандық арнайы демалысқа шықты. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыру балаларға алдын ала жүргізілді. Арнайы сап түзеу жиынында Жасұлан ұйымы бірлестігі әр оқушы қолына қауіпсіздік ережелері атты парақшаларын ұсынды. Сынып жетекшілері күзгі демалысқа шығар оқушы мен ата-анадан арнайы қауіпсіздік ережелерін ескере отырып қолхат алды. Және оқушы назарына арнайы қауіпсіздік ережелеріне арналған бұрыш дайындалды.
Ата- аналар назарына! Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері
Аптаның алты күнін партада өткізетін оқушылар бүгін де оқуларын тәмамдап 1-ші тоқсандық арнайы демалысқа шықты. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыру балаларға алдын ала жүргізілді. Арнайы сап түзеу жиынында Жасұлан ұйымы бірлестігі әр оқушы қолына қауіпсіздік ережелері атты парақшаларын ұсынды. Сынып жетекшілері күзгі демалысқа шығар оқушы мен ата-анадан арнайы қауіпсіздік ережелерін ескере отырып қолхат алды. Және оқушы назарына арнайы қауіпсіздік ережелеріне арналған бұрыш дайындалды. Қауіпсіздік ережелерін есте сақта!
Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керек;
Өрт, су, жағажайға жалғыз бармау, тоғайға жалғыз бармау, техника, еңбек, дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздікті және жолда жүру ережелерін сақтау керек;
Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды;
Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отыруға болмайды;
Басқа жаққа қыдырып кеткен жағдайда мектеп әкімшілігіне не сынып жетекшіге хабарлау керек;
Жасөспірімдерді дүкендерге спирттік ішімдіктерді алуға, спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткелік заттарды қолдануға болмайды.