Мектебімізде күзгі демалыс уақытында, яғни 4-қарашада 2-сыныптар арасында «Толағай» көңілді старт жарысы өткізілді.
Мектебімізде күзгі демалыс уақытында, яғни 4-қарашада 2-сыныптар арасында «Толағай» көңілді старт жарысы өткізілді. Оған 2 «Б», 2 «Г», 2 «Е» сыныптарының «Тұлпар», «Сұңқар» және «Спортшылар» командалары қатысты. Командалар «Шегірткелер», «Секіртпе», «Кенгуру» , «Баскетбол», «Желаяқ» сияқты спорттық ойындардан сайысқа түсті. Әділ қазылардың шешімімен «Тұлпар» командасы І орын, «Спортшылар» командасы ІІ орын және «Сұңқар» командасы ІІІ орынды иеленді. Жарыстың салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор болды.
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы: Абдильдина Г.