Салалар
Талқылаулар
Новость
Күзгі демалысты ұйымдастыру
Оқушыларды күзгі демалыс уақытында қызықты іс-шараларға жұмылдыру мақсатында, 7 «А» сыныптың «Алау» мұз айдынына саяхатқа баратын оқушылары анықталып, алдын-ала тәртіп ережелерімен таныстырылып, қолдары қойғызылды.
Оқушылардың күзгі демалыс уақытын ұйымдастыру, танымдық және шығармашылық талаптарын дамыту, азаматтық айқындаманы қалыптастыру, эстетикалық, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы іс-шара келесі мақсатта өткізілді:
- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;
- баланы тұлға ретінде жан-жақты дамыту;
- балалар мен жасөспірімдерді 100% шығармашылық және спортпен қамту;
Оқушыларды күзгі демалыс уақытында қызықты іс-шараларға жұмылдыру мақсатында, 7 «А» сыныптың «Алау» мұз айдынына саяхатқа баратын оқушылары анықталып, алдын-ала тәртіп ережелерімен таныстырылып, қолдары қойғызылды.
7.11.2015 ж. Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынына саяхатқа сағат 11.30-да 7 «А» сыныптың 10 оқушысы мен сынып жетекшісі Жумагатова Г.Г. және ата-аналар комитетінің мүшесі Дүйсенбекова Ә.Ж. барды.

Бұл жерге бірінші рет келген оқушылар мұз айдынының ішкі көрінісімен, сырғанау алаңымен таныстырылып, тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін еске түсірді. Сырғанау алаңында, алғашқы келушілер мен конкиді жақсы тебе алмайтын оқушыларға, конкиді жақсы тебетін сыныптастары көмектесті.

Балалар бұл саяхатта спортпен шұғылданып, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, өз демалыстарын қызықты, әрі есте қаларлықтай өткізгені туралы ой бөлісті. Сынып жетекшісі мен ата-анаға үлкен рахметтерін айтып, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне тарады.
7 «А» сынып жетекшісі: Жумагатова Г.Г.