Салалар
Талқылаулар
Новость
Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!
2015 жылдың 14 қарашасы күні Есіл ауданының прокуратурасының, Есіл ауданының ІІБ және Ханшатыр ОСО-ның ұйымдастыруымен, жасөспірімдерді тәртіпке тарту, ұрлықпен күрес жайлы айта отырып, «кері байланысты» қалыптастыру мақсатынды мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!» акциясы өткізілді.
«Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!»
Акциясы
«Жастар – үкілі үміт, асқақ армандарымыздың тарихи көрінісі»
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі таңда ұрлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Біреудің мүлкіне қолсұғушылық ұлттық және жастық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде таралған заңға қайшы проблема болып табылады.
2015 жылдың 14 қарашасы күні Есіл ауданының прокуратурасының, Есіл ауданының ІІБ және Ханшатыр ОСО-ның ұйымдастыруымен, жасөспірімдерді тәртіпке тарту, ұрлықпен күрес жайлы айта отырып, «кері байланысты» қалыптастыру мақсатынды мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!» акциясы өткізілді. Аталмыш іс-шарада көптеген мектеп оқушылары қатысты. Солармен қатар №24 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушылары да белсенділік танытты. Акция барысында Есіл ауданының ІІБ басшысының орынбасары С.Б.Тапаев, тергеу бөлімінің басшысы Е.А.Егізбаев және «Жас Отан» ЖҚ өкілі Б.С.Алдау өздерінің кіріспе сөздерін айтып, жастарды қазаққоғамында ежелден қалыптасқан адамгершілік нұсқауларды ұстануға тартты. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектеп оқушылары оздерінің ән салу, домбыра ойнау, би билеу және де әзілдік көріністер көрсету арқылы көңілдерін көтерді. Соңында«Ұрлыққа жол жоқ, Жастар ұрлық жасамайды!» акциясына белсенділік танытқандарды алғыс хаттармен марапаттау жасалды.
Сонымен, қорытындылай келе, Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және жеке тұлғаға деген құрметін сақтап қалу үшін жасөспірімдер арасында әрдайым осындай іс-шаралар жиі өткізілуі қажет. Оқушылардың қылмыс жасауы, ең алдымен, өзінің ортасына байланысты болып келеді. Бос уақыты көп жастар қылмысқа барады. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналар олардың бос уақытын тиімді жұмсауға немесе бос уақытын спорттық секцияларға, үйірмелерге қатысуына жағдай жасауы керек деп ойлаймын.


№24 мектеп өзін-өзі басқару ұйымының БАҚ министрі 9 сынып
оқушысы Айжанат Жұмабай;
география және тарих мұғалімі Ринат Тілекұлы Азубаев