Кеше мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған "Үздік мәдениеттілік - спорт, шынығу мен денсаулық" атты акцияның аясында 4-сыныптар арасында "Әкем, анам және мен" деген атаумен отбасылық сайыс өтті.
Кеше мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған "Үздік мәдениеттілік - спорт, шынығу мен денсаулық" атты акцияның аясында 4-сыныптар арасында "Әкем, анам және мен" деген атаумен отбасылық сайыс өтті. Спорттық жарыс "Көп болып жүгіру", "Қаппен секіру", "Теннис таяқшасымен допты алып жүру" сияқты 9 кезеңнен тұрды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы, мектебіміздің қыздар арасындағы волейбол құрамасының мүшесі Кенехан Толғанай және ата-аналар комитетінің өкілі қазылық жасаған эстафеталық ойын тартысқа толы болды. Нәтежиесінде "Жеңіске деген жігерлілігі үшін" аталымымен 4 "Д" сыныбының командалары Бақбергеновтер, Сарыбаевтар, Ахметовтер отбасы марапатталды. Жүлделі ІІІ орынға 38 ұпаймен 4 "А" сыныбының атынан келген Күзембаевтар отбасы қол жеткізсе, ІІ орынды 39 ұпаймен 4 "Б" сыныбының командасы Кутаревтар отбасы иеленді. Ал 4 "В" сыныбының намысын қорғап шыққан Тоқбергеновтер отбасы 46 ұпаймен І орынды қанжығаларына байлады.