Салалар
Талқылаулар
Новость
Астана қаласы №48 мектеп-лицейдің 2015-2016 оқу жылындағы оқушылардың күзгі демалысы кезінде атқарылған іс-шаралар есебі
Астана қаласы №48 мектеп-лицейде оқушылардың 2015-2016 оқу жылындағы күзгі демалысы жоспарлы түрде өтті. Берілген жоспардағыдай қараша айының 4 және 5 жұлдызы күндері Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-академиялық драма театрында «Қараш, қараш оқиғасы» драмалық қойылымын тамашалауға 8-10 сынып оқушыларынан 200 оқушы барды. Оқушылардың «Қараш, қараш оқиғасы» драмасынан алған әсері өте зор болды. Бас рольдерді сомдаған актер Болат Ибраев ағасына деген ризашылығын ұзақ шапалақпен білдірді.

1-4 сыныптардан 308 оқушы қарашаның 6 күні Азия парк ойын-сауық кешеніне барып, ойын ойнап, би биледі. 
Мектеп спорт залында мектепішілік футбол жарысынан 6-7 сынып ұлдары өзара бақ сынасты.
5- қараша күні 5- сынып оқушыларынан 112 оқушы «АЛЖИР» этномемориалдық кешеніне барды. Онда елінің тарихы туралы көп мағлұматтар білді.
Қарашаның 6,7,8 күндері 6,7-сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне саяхат жасады.
11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жүргізілді. Сонымен қатар сергіту жаттығулары өтті.
Кітапханада оқушылар ақпараттық технологияның көмегімен сабаққа қажетті түрлі мағлұматтарды алды. Демалыс барысында мектеп инспекторы мен тәрбие бөлімі тарапынан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушыларға дұрыс бағыт- бағдар берілді.