Салалар
Талқылаулар
Новость
«Абай есімі мәңгі есте!»
- «Абай есімі мәңгі есте!» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар мақсаты ұлы Абайдың шығармашылық әлемін дәріптеу және ұлықтау болатын.
«Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деп, Абайдың өз сөзімен алынған семинар эпиграфы өз мазмұнын семинар барысында бастан-аяқ айқындай алды. Бірнеше кіріктірілген сабақтар, интерактивті оқыту тәсілдерімен жүргізілген жаңашыл сабақтар, семинарды мазмұндық жағынан қорытындылап, бағасын арттыра түскен «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара – бәрі-бәрі бір-бірімен терең астасып жатты. Семинарға қатысушы барлық қонақтарымыз, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері Баяхметбаева К.І., Кожахметова А.З. семинардың өн бойындағы жақсы ұйымдастырылған жақсы дүниелер мен мұғалімдер сабағының ерекше тұстарына тоқталып, мектеп ұжымына, мектеп басшысы Ахмет Базыл Әлдешұлына, директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Алибекова Гүлден Зияшқызына өз алғыстарын жеткізді.
Қорыта келгенде, семинар өз мақсатына жетіп, қазіргі шәкірт – болашақ азаматтарға рухани азық, патриоттық сана тұрғысынан атқарылған үлкен іс деп танылды.