Салалар
Талқылаулар
Новость
«Шабыт көкжиегінде» жас авторлардың шағын әдеби жанрындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары
Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астана қаласы білім беру мекемелері оқушыларының арасында талантты авторларды анықтау және қолдауға, жас авторлардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «Шабыт көкжиегінде» жас авторлардың шағын әдеби жанрындағы шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінді:
–11-13 жас
-14-18 жас
Авторлық жұмыстар 2 аталым бойынша қабылданады:
- «Поэтикалық шығармалар» (өлеңдер)
- «Шағын жанрдағы прозалық шығармалар» (эссе,очерктер,әңгіме, новелла)
2015 жылғы қазан айының 20-нан қарашаның 1-не дейін сараптамалық кеңес шешімі бойынша біздің мектепгимназиясының оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 11-13 жас аралығындағы «Шағын жанрдағы прозалық шығармалар» аталымы бойынша бас жүлде 5 «Б» сынып оқушысы Ризабек Ағинаның қанжығасына түсті («Үздік әңгіме»), осы аталым бойынша 14-18 жас аралығындағы 2 жүлделі орынды 8 «Ғ» сынып оқушысы Танкеева Азиза жеңіп алды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





