Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты тізіліс өтті.
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты тізіліс өтті. Мәртебелі мерекеге құттықтау сөзін айтқан мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы біздің де оқушыларымыздың арасынан ел басқаратын азаматтардың көптеп шығатынына сенім білдірді. Елбасының балалық шағы, оқушы кезінен мәлімет беретін бейнеролик шәкірттеріміздің назарын аударды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы аясында ұйымдастырылған "Ел танытқан ер" атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары Сәпиева Айғаным мен Ұзақбаева Шапағат Алаштың айтулы ақындарының өлеңдерін оқыды. Шара барысында оқушыларымыз өткен аптада жеткен мектепішілік, қалалық, республикалық, халықаралық жеңістерімен марапатталды. 8 "Ә" сыныбының оқушысы Таңатқанов Рүстем елбасымыздың сөзіне жазылған "Елім менің" әнін әуелете шырқап, тізілісті түйіндеді.