Салалар
Талқылаулар
Новость
«Сөз шебері»жүргізушілердің фестиваль байқауы өтті
20 қарашада М.Өтемісұлы оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында «Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль байқауы өтті.
20 қарашада М.Өтемісұлы оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында «Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл сайысқа бағын сынау үшін 70-тен астам мектеп ұсыныс білдірген. Солардың ішінен мәнерлеп сөйлеу, тақырыпты дамыту қабілеті, сахнада өзін өзі ұстай білу, шығармашылықтағы қызықты жолы, бөлінген уақытты пайдалану мүмкіндігі бойынша іріктеліп, 18 талапкер өз өнерлерін ортаға салды.
Осы байқауға Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп – гимназиясының 9 Г сынып оқушысы Бауыржанқызы Ақжан қатысып, М.Өтемісұлы Оқушылар сарайының «Кәсіптік жас жүргізушілер шоуына» жолдама алды.