Салалар
Талқылаулар
Новость
Жеңіс құтты болсын!
«Астана-есірткісіз қала» бағдарлама аясында 2015 жылдың 29 қараша күні Астана қаласының №65 мектеп гимназиясында жасанды рельефте спорттық тауға шығу жарысы өтті.
«Астана-есірткісіз қала» бағдарлама аясында 2015 жылдың 29 қараша күні Астана қаласының №65 мектеп гимназиясында жасанды рельефте спорттық тауға шығу жарысы өтті. Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Білім басқармасы. Бұл сайыс бағдарламасында колледжіміздің 0511000 «Туризм» мамандығының төрт студенті қатысты. 2ТРА-114 тобының студенті Меруерт Жакупова жүлделі 2 орынға ие болды. Сайыс жүлдегерлері Астана қаласының Білім басқармасының мадақтама қағаздары мен құнды сыйлықтарымен марапатталды.