Салалар
Талқылаулар
Новость
Тұрмыстық зорлық- зомбылықты алдын алу бойынша тақырыптық дәртістің өткізілуі туралы анықтама
Тұрмыстық зорлық- зомбылықты алдын алу бойынша
тақырыптық дәртістің өткізілуі туралы анықтама
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізіледі. Акция барысында зорлық- зомбылықты және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында № 24 орта мектептің мәжіліс залында қарашаның 25- де 8-11 сынып оқушыларына тақырыптық дәріс оқытылды. Дәріс беруші мектеп инспекторы Мамбеталиев Е.К. оқушыларға отбасындағы зорлық- зомбылықтың себептері мен салдары туралы ақпарат беріп, Астана қаласында жұмыс жасайтын «сенім телефондарымен» таныстырды. Дәріс слайд- презентациямен қоса жүргізілді. Балалар тақырып бойынша сұрақ қойып, инспектор тарапынан тиісті жауаптарын алды. Мектептің І қабатында хабарлама стендіне Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасымен ұсынылған таратпа материалдар орналастырылып, оқушылар мен ата- аналар таныса алды.