Салалар
Талқылаулар
Новость
№48 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушылары ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия жасап қайтты.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында № 48 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушылары Астана қаласы «Жас саяхатшылар» орталығы мен география пәні мұғалімі Л. Н. Алиеваның ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия жасап қайтты.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында № 48 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушылары Астана қаласы «Жас саяхатшылар» орталығы мен география пәні мұғалімі Л. Н. Алиеваның ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия жасап қайтты. Елбасымыз бұл резиденцияда елордаға келген алғашқы 1997 – 2004 жылдары елді дағдарыстан шығару мен дамудың жаңа көздерін іздеу жөнінде жұмыстар жасады. Бұл елбасының елордадағы бірінші резиденциясы: жұмыс кабинеті, заттардың орналасу реті бастапқы қалпында сақталған. Оқушылар мемлекет басшысының жұмыс кабинетін өз көздерімен көріп, жоғары дәрежеде кездесулер өткен Алтын және Күмбезді залдарды, Президент пен Қазақстан халқына сыйға берілген тартуларды тамашалады. Сонымен қатар елбасымыздың балалық, жастық шақтарын, Теміртаудағы алғашқы жұмысқа араласқан уақыты, кейінгі есейіп өз еңбегі мен жігерінің арқасында президенттікке дейін жеткен уақытын бейнелейтін материалдар кезең кезеңімен таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаетың дүние жүзінің көптеген елдерімен достық қарым-қатынас орнатуы арқасында Қазақстанды бүкіл әлем танығанын мұражай экспонаттарынан көріп, балалардың елбасына, Отанына деген мақтаныш сезімдері артты. «Президенттік мұражай — резиденция» жалғыз біздің елде ғана бар екенін естіп қайран қалдық.
Сонымен бірге «Жас саяхатшылар» станциясының әдіскерлері — Жанар Дәуренбекова мен Бибігүл Исабаева автобуста қаланың, көшелердің, қала ғимараттарының тарихымен де таныстырып отырды. Бұл саяхат оқушылардың туған өлкеге деген танымдық қызығушылықтарын арттырып, Отансүйгіштік, патриоттық сезімдеріне әсер етті.


