Салалар
Талқылаулар
Новость
Зорлық- зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ
Зорлық- зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ
2015 жылдың 10-20 қараша аралығында өткен
1. 2015 жылдың 10- 20 қараша аралығында № 24 орта мектепте Астана қаласы білім басқармасымен бекітілген «Зорлық- зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» жоспары негізінде мектепішілік жоспар құрылып, бекітілді. Акция барысында түрлі шаралар өтіп, оқушылар қатысып белсенділікі танытты.
2. Акция аясында мектебіміздің І қабаты сәнді безендірілді. Оқушыларға арналған «Угадайка» атты стенд әзірленді. Стендке ребустер мен сөзжұмбақтар ілінді.
3. Балалар мен ата- аналарға арнап І қабатта «Зорлық- зомбылықты тоқтат!» тақырыбында ақпараттық бұрыш әзірленді. Ақпараттық бұрышқа Астана қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасымен ұсынылған таратпа материалдар орналастырылды.
4. Қарашаның 11-де мектептің мәжіліс залында 10- 11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге ІІД ардагері, полиция полковнигі Князев Александр Дмитриевич және аға инспектор, ҚЖБ полиция майоры Бекмухамедова С.М. қатысты. Кездесу барысында Князев А.Д. оқушыларғы өзінің қызмет жолымен таныстырып, полиция қызметі туралы мәлімет берді. Светлана Маратовна 10- 11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасында орналасқан ІІМ қарасты оқу орындары туралы ақпарат беріп, бейнеролик көрсетті.
6. Қарашаның 14-де биология пәні мұғалімі Эргашев Э.Т. 7 сынып оқушыларымен «Ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өздері дайындаған баяндамаларын оқып, білім - болашаққа басты кілт екенін дәлелдеді.
7. Қарашаның 16-да саптүзейде тарих пәні мұғалімдері Арғынбаев Ғ.Ж., Азубаев Р.Т. «Сен өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында викториналық ойын өткізді. Дұрыс жауап берген оқушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Саптүзей соңында 6 сынып оқушылары орыс биін билеп, оқушылардың көңіл- үйін көтерді.
8. Мектеп психологтары Тапенова А.А., Сүндетов А.Қ. 16- 18 қараша аралығы оқушылардан «Экрандағы, көпшілік ақпарат құралдарындағы зорлық- зомбылық» туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 48 оқушы қатысты. Тақырып бойынша оқушыларға 17 сұрақ ұсынылды. Сауалнаманың нәтижесі бойынша анықталғаны: көбі зорлық- зомбылық туралы көріністерді экраннан көретінін және сондай көріністерді телеэраннан көрсетуге қарсы екендерін білдірді.
9. Қарашаның 18-де Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ жедел-криминалистік тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Шәйкенова Ә., Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ ӘПБ КЖТ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ахметованың А. 8-10 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу, «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру, кұқықтық білімін арттыру мақсатында видеоролик көрсетіліп, дәріс оқылды.
10. 20 қараша- Дүниежүзілік балалар күнін атап ету мақсатында 1 -11 сыныптарында «Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында оқушылар өздерінің балалаық шақтары туралы әңгіме етті, өлең айтты. Жоғары сынып оқушылары сынып сағатты дөңгелек үстел форматында өткізді.
11. Қарашаның 21-де дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жукубаев М.М., Социалов М.Қ., Подскребкина Н.А. 5 сынып оқушылары арасында «Үздік мәдениеттілік – ол спорт» тақырыбында көңілді эстафета өткізді. Эстафетаға 5 команда қатысып, барлығы 50-ге жуық оқушы қамтылды. Сынып жетекшілері мен сыныптастастары жанкүйер қатарынан көрінді. Эстафета барысында арқан тарту, уақытқа доппен жүгіру, секіргішпен кедергілерден өту және т.б. кезеңдерінен балалар сүрінбей өтті. Көңілді эстафетаның соңында 6-7 сынып оқушылар флешмоб көрсетті.
12. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Акция барысында зорлық- зомбылықты және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында қарашаның 25- де 8-11 сынып оқушыларына тақырыптық дәріс оқытылды. Дәріс беруші мектеп инспекторы Мамбеталиев Е.К. оқушыларға отбасындағы зорлық- зомбылықтың себептері мен салдары туралы ақпарат беріп, Астана қаласында жұмыс жасайтын «сенім телефондарымен» таныстырды. Балалар тақырып бойынша сұрақ қойып, инспектор тарапынан тиісті жауаптарын алды.
13. Қарашың 10-20 аралығы мектеп инспекторы Мамбеталиев Е.К., әлеуметтік педагог Қарабаева А.Т., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сергазина Г.Е. қалалық есепте тұрған оқушылардың үйіне рейдтер жүргізді. Рейдтің мақсаты: жеке оқушының тұрмыс- жағдайын анықтау және ата- аналармен түсіндірме жұмыстар жүргізу. Рейдтің нәтижесі бойынша хаттама толтырылып, анықтама жазылды.
14. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Есетова О.Ф., орыс тілі пәні мұғалімі Абилова Ш.А. 5- 10 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында шығармалар сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды 10 «А» сынып оқушысы Алхабек А., ІІ орын – Мададова Альбина, ІІІ орын – Кабитова Аружан. Жеңіске жеткен оқушылар мен сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталды. Сол шығармадан үзінді:
«Бақытты балалық шақ» (автор – Алхабек А.)
Балалықтың сол бір ерке тәтті күні,
Есімде әлі күнге әртір түні.
Сан киялмен өткізген балалық шақ,
Арман болып қалғандай тәтті үні.
Күндер қайда шаңғы аунап, допты қуған,
Бір талдатып жинаған гүлді қорған.
Анашымның әлдиі сыңғырлап кеп,
Көңілдегі кірбіннің бәрін жуған.
Балалықтың кермек дәмі тәтті қандай,
Аралардан ұрлаған тәтті балдай.
Ойласам зулаған бір өткен күнді,
Еріксіз сол күндегі сәтті ұғардай.
Балалығым қайта келмес енді оралып,
Болашағым алдымда тұр бозарып.
Өткен күннен тәтті естелік қалсын бізге,
Мәңгілік тәтті ой салар нұрша жауып.
Мададова Альбинаның шығармасынан үзінді: «Мир без насилия – мечта многих. Каждый из нас хочет жить без стра и доверять окружающим. Но что можно сделать, какие меры нужно предпринять, чтобы приблизиться к нашей мечте? Для начала, я считаю, нужно разобраться, постараться понять почему люди совершают насилие. Я думаю, что дело в воспитании, так как ребенка с самых ранних лет должны учить относиться с уважением к окружающим, отвечать за свои поступки... Скажем «нет!» проявлениям сякой грубости, жестокости и насилию. Будем заниматься спортом, заботиться о животных, творить добро и мир станет добрее».
15. Акция аясында мектеп кітапханашысы Искакова Ш.Х. «Зорлық- зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде тақырыпқа байланысты журнал мен газет беттерінен алынған мақалар жария етілді. Балалар бос уақытында кітапханаға барып, мақалалармен танысуға мүміндіктері болды.
16. Акция барысында «Зорлық- зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» өткен барлық іс- шаралар мен қорытындысы мектептің сайтында жарияланды.