Салалар
Талқылаулар
Новость
Кездесу
2015 жылдың қарашаның 21- де № 24 орта мектептің мәжіліс залында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты Шотаев Мақсат Есенбекұлымен кездесу өтті
2015 жылдың қарашаның 21- де № 24 орта мектептің мәжіліс залында
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының бас хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты Шотаев Мақсат Есенбекұлымен кездесу өтті. Кездесуге 9- 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысынды Мақсат Есенбекұлы өзінің өмір жолымен таныстырып, спортта жеткен жетістіктері туралы айтып кетті. Шотаев М.Е. тоғызқұмалақтың атауы, ойынның теориялық негіздері мен кенже қалған этюд жанры бойынша есептер туралы балаларға көп мәлімет берді. Балалар әңгімеге қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып отырды. Шотаев мырза барлық берілген сұрақтарға толық жауап беріп, оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Кездесу соңында Мақсат Есенбекұлы мектеп ұжымына алғыс білдіріп, өзінің еңбектерін сыйға тартты. 8 сынып оқушысы Маккаби Фариза «Туған жер» әнін шырқады.