Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ұланымыз ұлы елдің»
Астана қаласының № 51 мектеп - гимназиясында «Ұланымыз ұлы елдің» атты «Ту алып өту мен әскери-патриоттық ән орындау» сайысы болып өтті.
Сайысқа әділ-қазылар алқасы және қонақ болып, Астана қаласының жасұлан төрайымы Құдайбергенова Шұғыла Серикхановна мен Жасұлан қызметкері Аманжолов Бекарыстан қатысты. Сонымен қатар № 51 мектеп-гимназиясының директоры Күнімхан Смағұлқызы қатысты.
Сайыстың мақсаты:
-өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу;
-сайысқа қатысушылардың шеберлігін көтеру;
-патриоттық сезімді насихаттау;
-Отан қорғаушы мамандығының атағын шығару.
Сайыстың мақсаты:
2015-2016 оқу жылына өткізуге жоспарланған қалалық «Ту алып өту мен әскери-патриоттық әндер орындау» сайысына қатысу үшінкоманда дайындау.
Сайыстың жоспары:
-Ту алып өту.
-Әскери-патриоттық ән орындау.
«Ұланымыз ұлы елдің» атты «Ту алып өту мен әскери-патриоттық ән орындау» жасұлан төрайымы Құдайбергенова Шұғыла Серикхановна және Жасұлан қызметкері Аманжолов Бекарыстан, ұйымдастырушы әрі тәлімгер Алайдарова Н . ұйымдастырды. Сайысқа Егемен еліміздің ұландары Астана қаласының 8 мектебі қатысты. Олар:
- № 37 мектеп –гимназиясы
- № 31 орта мектеп
- № 22 мектеп-–гимназиясы
- № 51 мектеп - гимназиясы;
- № 70 мектеп – лицейі;
- № 72 мектеп
- № 4 мектеп
- № 73 физика - техникалық мектеп - лицейі;
Қатысу барысында ерекше пікірде болып, мақтауға ие болған мектептер ерекше аталып, өтті. Оның ішінде: № 37, № 40, № 51,70, 31,4 мектептер.
Сонымен қатар әрбір мектептің потриоттық ән орындау барысында барлық мектептер жоғарғы деңгейде орындап шықты.
Сайыс соңында қонақ Астана қаласының жасұлан төрайымы Құдайбергенова Шұғыла Серикхановна мен Жасұлан қызметкері Аманжолов Бекарыстан ортаға шығып, жүлделі орын алған мектептерді марапаттап, құттықтады. Құттықтау барысында ерекше көзге түскен 51 мектепті атап өтті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
1 орын № 51 мектеп-гимназиясы ие болды
2 орын № 31 мектеп-лицейі ие болды
2 орын № 4 мектеп-гимназиясы ие болды
3 орын № 70 мектеп-гимназиясы ие болды
3 орын № 37 мектеп-гимназиясы ие болды
Сайыс соңында № 51 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 10-11 сыныптар аралығында ерекше сахналық (дефеле) көрсетілім көрсетті.


