Салалар
Талқылаулар
Новость
Семинар өткізілді
Оқушының сабақ үстіндегі зерттеу жұмыстарын бақылап көру және бейіндік пәндер мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Оқушылардың пәнге ынтасын көтерудегі зерттеу тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбымен әдістемелік семинар өткізілді. Семнардың жоспары:
-
9 «г» сыныбында физикадан «Дене импульсі» тақырыбында 20 минуттық қысқа сабақ. Мұғалімі – Исаева А.Б.
-
10 «б» сыныбында «Кеңістік фигураларының жазықтықтағы кескіні» тақырыбында геометриядан қысқа сабақ. Мұғалімі – Мүлікбаева Қ.М.
-
Рефлексия.
Семинардың мақсаты:
Математика физика пән мұғалімдеріне зерттеу сабағының тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу және толықтыру арқылы оқушылардың нәтижелі жұмысын ұйымдастыруға көмек беру.
Семинарға барлық қазақ және орыс сыныптарында сабақ беретін математика және физика мұғалімдері қатысты. Жоспарланған ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.Қатысқан физика математика пәнінің мұғалімдері 10 «б» сыныбындағы геометрия сабағын өте жоғары деңгейде өткізген Мүлікбаева Қарлығаш Мамыровнаға асқан шеберлігі үшін алғысын айтып, өздерінің осы ұстаздан үлгі алатындарын ерекше атап өтті. Сабаққа қатысқан 10 «б» сыныбының оқушылары мұғалімдерінің жетелеуімен топтық жұмыстың өте тиімді іске асырылуын көрсете білді. Топқа бөлінген оқушылар өз мәселелерін шешу жолында сынақтар жасап, сынақ нәтижелері бойынша болжам жасады да, болжамды растайтын қажетті ақпаратты тауып келтіру арқылы қорғап шықты. 9 «г» сыныбының оқушылары білім сапасы төмен болғанына қарамастан, тақырыпты жақсы түсінгені байқалды. Мұғалім көрсеткен тәжірибе тақырыпты ашуға ықпал еткенін оқушылардың тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдармен бекіткенінен білінді. Семинар мақсатына жетіп, әріптестер арасында бір – бірінің жұмыс тәжірибесіне деген қызығушылығын оятып, өз тәжірибесін молайту туралы ой қозғады.