Салалар
Талқылаулар
Новость
Кітапханамен танысу
Кітапханада бірінші сынып оқушыларымен «Мектепшілік кітапханамен танысу» атты сабақ өтті. Балалар кітапхана абонементімен және оқу заламен танысты.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының мерзімді басылымын шығаратын қормен танысты. Кітапхана жетекшісі Құтыбайева Тілектес Өмірзаққызы, бірінші сынып оқушыларына арналған қызықты шаралар өткізді. Балалар кітаптар жайлы әңгімелесті, әр түрлі журналдарды қарастырды. Сабақ барысында оқушылар үшін ең қызықтысы «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты ойын болды. Мектеп табалдырығын жаңа аттағанымен, балалар көптеген ертегі кейіпкерлерімен таныс болып шықты. Ал шара соңында балаларға еліміздің тұңғыш Президенті - Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бастауыш сынып оқушысына сыйлық» атты кітаптар сыйлыққа берілді.

«Оқыңсаңдар, алдарыңнан барлық есіктер ашылады!» - деген сөзбен кітапхана жетекшісі жаңа ғана мектеп ордасына қадам басқан бүлдіршіндермен өткен сабағын аяқтады.