Салалар
Талқылаулар
Новость
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"
Бүгін, желтоқсанның 14-і күні, мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген атаумен әдеби кеш өтті. Кешке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгінгі күннің басты кейіпкері, Астана қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының халық әндері бөлімінің жетекшісі Секен Жолдыбайұлы Сыздықов қатысты. Қонағымыз мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасының маңызы, тарихтан алатын орны жайлы көзбен көрген оқиғаларын мазмұнды әңгімелеп берді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап ала алды. Сол сияқты кеш барысында Отан, Тәуелсіздік тақырыптарында өлең-жыр оқылып, патриоттық әндер де орындалды. Қонақтарымыз қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптей отырып, балаларға елжандылық қасиетті қатар дарыта білді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Төлеуова Г.Д. қорытынды сөзінде Тәуелсіздік мерекесінің 24 жылдығымен құттықтап, береке, бақыт, тыныштық тіледі.