Салалар
Талқылаулар
Новость
Көшбасшы- 2015
2015 жылғы қараша айының 19-ы күні Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының арасында «Көшбасшы 2015» атты байқау өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды және оған алғашында қала мектептерінен 90 оқушы қатысты.
2015 жылғы қараша айының 19-ы күні Астана қаласы мектептерінің дарынды оқушыларының арасында «Көшбасшы 2015» атты байқау өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды және оған алғашында қала мектептерінен 90 оқушы қатысты. Біздің мектеп-гимназияның намысын қорғау 10 «А» сынып оқушысы Базархан Дамирға тапсырылды. Финалға 16 бала өтті. Соның ішінде біздің мақтанышымыз Дамирда болды. Финал 3 сайыстан тұрды. 1-ші сайыс мектепте алған білімдерінен сұрақтар келді. Ал 2-ші сайыс қазақтың дарынды ғалымдары: Евней Бөкетов, Әлімхан Ермеков және Қаныш Сәтбаев жайында болды. 3-ші сайыста олар өздеріне берілген тақырыптар жөнінде шағын ой толғау айту қажет болды.
10 «А» сыныбы №52 мектепті және Дамирды қолдауға көрермен боп барды. Сынып оқушылар қолдау көрсету мақсатында «Дамир алға» және «Жүзден жүйрік бол 52 қырандары» атты плакаттар жасап алып барды.
![]() |
Сонымен финал қорытындысы бойынша Бас жүлде № 60 мектеп-лицейдің оқушысы Айсұлу Алтынбековаға, 1-ші орын №40 мектеп оқушысы Камила Еманғалиеваға, 2-ші орын біздің мектебіміздің мақтанышы Базархан Дамирға және № 64 мектеп-лицей оқушысы Абилбеков Адалға, 3-ші орын №62 мектеп-лицей оқушысы Анель Турсункановаға, № 66 мектеп оқушысы Ақниет Құрамысоваға және №38 мектеп-лицей оқушысы Диасжан Досболовға табысталды. Әркім өзіне тиесілі орынын иемденді. Мектебіміз өзінің тек дарынды және өнерлі оқушылардан құралғандығын тағы да дәлелдеді.
![]() |

