Салалар
Талқылаулар
Новость
Републикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өткізілді
Қаламызда желтоқсан айының 10-11 күндері Републикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өткізілді. Аталған білім сайысына барлық пәндер бойынша мектебімізден 77 оқушы қатысуға сұраныс білдірді.
Қаламызда желтоқсан айының 10-11 күндері Републикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі өткізілді. Аталған білім сайысына барлық пәндер бойынша мектебімізден 77 оқушы қатысуға сұраныс білдірді. Нәтижесінде 53 оқушы ІІ кезеңге жолдама алып, 44 оқушы жүлделі орындармен оралды. Атап айтатын болсақ, 10 оқушы грамотамен марапатталып, 13 оқушы ІІІ орынды иеленді. 15 оқушы ІІ орын, 6 оқушы жүлделі І орындарға қол жеткізді. Сондай-ақ мектеп оқушылары қалалық ғылыми жобалар сайысында бақ сынап, 8 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен пән мұғалімдерін мектеп әкімшілігі құттықтап бағалы сыйлықтар тарту етті.