Еліміздің ең елеулі мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Еліміздің ең елеулі мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда 11 желтоқсан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің бастамасымен акт залында ата-аналардың қатысуымен үздік ашық тәрбие сағаты өтті.
14 желтоқсанда 6 "В" сыныбы дәріс залында "Тәуелсіздік - тірегім" деген тақырыпта тағылымдық мәні зор тәрбие сағатын өткізді. Желтоқсан оқиғасындағы қайсар ағаларымыз бен әпкелеріміздің қайыспас қара нардай өр рухын көріністер арқылы жеткізе білді.
15 желтоқсанда өткен "Тәуелсіздік құрдастары" деген тақырыптағы жас мамандар жарысы да жоғары деңдейде болды. Қазылар алқасының төрағасы ретінде мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы төрелік жасады, сонымен қатар директордың ғылыми әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Ештанаев Жазыбек Опиұлы, өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы да қатысушыларға әділ бағасын берді. Нәтежиесінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алдажаров Алданыш Қуантайұлы І орынды еншілесе, информатика пәнінің мұғалімі, аға тәлімгер Қажгереева Зарина Ержанқызы ІІ орынға қол жеткізді. Ағылшын пәнінің мұғалімі Жұмакенова Сабина Жанайдарқызы ІІІ орын алды. Бастауыш сынып мұғалімдері Қонысбек Жансая Қонысбекқызы мен Қуандық Аягөз Мұхаммедрахымқызы алғыс хаттармен марапатталды. "Тұмар" би ансамблі қазақ, өзбек, орыс ұлттарының билерін билеп, дайындық тобының оқушысы Абдрахиева Аяулым өзінің анасымен "Астана" әнін шырқады.
Аталған іс-шаралардың қорытындысы ретінде бүгін, 18 желтоқсанда мектебіміздің дәріс залында "Татулық бойтұмары" деген атаумен көркем сөз оқу шеберлерінің кеші өтті. Әр сыныптан шыққан оқушылар патриоттық өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқыды. Кеш соңында 8 "Ә" сынып оқушысы Таңатқанов Рүстем елбасымыздың сөзіне жазылған "Елім менің" әнін әуелете шырқады.