Салалар
Талқылаулар
Новость
Студенттермен оқушылардың арасындағы қалалық ғылыми - тәжірибелік конференциясының жеңімпаздары
18 желтоқсан күні Басқару колледжінде қалалық "Білімді ұрпақ - білікті маман" атты оқушылар мен студенттер арасындағы ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға біздің мектебіміздің 10 "А" сынып оқушылары баяндама мен презентация жасап белсенді қатысты. Ғылыми жұмыстарын жоғарғы деңгейде дайындағаны үшін:
1. Болат Диана 10 "А" сынып оқушысы І орынға ие болып марапатталды. Тақырыбы: "Ұлы дала демократиясы". Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Қарамергенова Назгуль Тоқтамысовна.

2. Жұмақан Айсұлу 10 "А" сынып оқушысы ІІ орынға ие болып марапатталды. Тақырыбы: "Қазақ хандығының қаһарман қыздары". Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ердеханова Сапарай Сапарбаевна

3. Райқұл Алихан 10 "А" сынып оқушысы ІІІ орынға ие болып марапатталды. Тақырыбы: "Отан деп соққан жүрегі". Ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Темирханова Жібек Сейтовна.

4. Ғабиден Наргиз және Мухамедгалиева Жанара 10 "А" сынып оқушыларымызға белсенді қатысқаны үшін "Сертификат" берілді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!