Салалар
Талқылаулар
Новость
«Абырой» каратэ-до спорт клубының спортшылары Ақтау қаласында каратэ-додан өткен Ақтау кубогі халықаралық турнирінен жеңіспен оралды
2015 жылдың 17-20 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында каратэ-додан өткен Ақтау кубогі халықаралық турнирінде бас бапкер Үсенбаев Әділет бастаған Астана қаласының «Абырой» каратэ-до спорт клубының спортшылары, Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясының оқушылары Мубараков Алмас, Сатылған Рауан және Самашева Бэлла жарысқа қатысты. 7 мемлекеттен келген 400-ге жуық спортшыларды жинаған байрақты бәсекеде біздің жас спортшылар сәтті өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерімен жарыс аренасына жиналған қалың көрермендер қошеметіне бөленді. Әзірбайжандық атақты спортшы Рафаэль Агаев және Грузияның мықтысы Гогита Арканя бастаған қонақтардың да назарынан тыс қалмады. Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Украина және Ресей мықтыларын жинаған жарыс жоғары деңгейде өткені айтпасақ та түсінікті.
Мубараков Алмас кумитэ бағдарламасында 30 келіге дейінгі салмақта 8-9 жас спортшылар аралығында 2 орын иеленсе, Сатылған Рауан 10-11 жас арағында 35 келіге дейінгі салмақта 3 орын алды. Қыздар арасында 10-11 жас аралығында 35 келіге дейінгі салмақта әлемге әйгілі спортшымыз, еліміздің мақтанышы Самашева Бэлла бұл жолы да алдына жан салмай, жарыс жеңімпазы атанды. ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен жарыс 1 орын алған Бэлла бұл жеңісін барша Қазақстандықтарға айтулы мерекеге орай тарту еткендігін айтты.