Салалар
Талқылаулар
Новость
Бастауыш мектептің апталығы
Апталықтың ашылуы
2015-2016 оқу жылының 7-19 желтоқсаны аралығында бастауыш сыныптар бірлестігінде «Бастауышта білім беру мазмұнын жаңарту: болашақтың іргетасы» тақырыбында апталық болып жарияланды. Апталық барысында тәжірибелі мұғалімдер жоғары деңгейдегі ашық сабақтар өтсе, жас мамандар сыныптан тыс сабақтар көрсетеді. Сонымен қатар фойелерге оқушылардың логикалық ойлауын толықтыратын қызықты тапсырмалар ілініп, көркем жазу дағдыларын қалыптастыруға және ынтасын арттыруға «Үлгілі дәптерлер» көрмесі жасалынады. Оза шауып өзінің дарындылығы мен қабілетін көрсете білген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталынады. Апталықтың ашылуын Самал Тойшанқызы Шалгымбаевамен Айжан ИнжинерқызыМусаева ұйымдастырып, жиынның мазмұны мен сапалылығына мән берді. Оқушылар өздерінің өнерін көрсетіп, апталықтың ашылу салтанатын қыздыра түсті.

«Ерке қыздар» би тобының өнері
«Бастауышым- білім бұлағым» атты мәнерлеп оқудан көрініс.
«Балбырауын» күйі
Көрермендер ықыласы
Әділдің «Астана» әнін орындауы