Салалар
Талқылаулар
Новость
Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы
2015 жылдың 11 желтоқсанда колледжде«Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» атты тақырыбына әдістемелік күні өткізілді.
Қалалық әдістемелік күннің мақсаты - аттестатталушы оқытушылардың кәсіптік шеберлігін ашу және педагогикалық тәжірибесін тарату.
Әдістемелік күнге Астана қаласының Білім басқармасының әдіскерлері - Жукенова Б.Б., Ахметова А.Б., кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Қонақтар алдында құттықтау сөзбен - Б. Жукенова, О. Вильчик, Н. Негметжанова сөз сойледі. Іс-шара барысында жоғары, бірінші және екінші біліктілік санатына үміткерлері жеті ашық сабақ өткізді. А. Есенгараева, Д. Абельдинова - қазақ тілі; Г. Жумабаева - туризмді ұйымдастыру; Б. Курманалиев - автомобильдердің құрылымы; Р. Ергалиева – ағылшын тілі; А. Нурманова – арнайы технология; З. Мухатов - электротехника. Г. Ахметова психологиялық тренинг «Каждый ребенок рожден для счастья!»өткізді.
Жоғарыда аталған оқытушылар сабақтарды жоғары деңгейде көрсетті және келген кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары мен оқыту шеберлерінің көңілдерінен шықты.
Әдістемелік күнге келген барлық қонақтар ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда белсенділік танытты.
Колледждегі «Сапалы кәсіптік білім - өмір талабы» тақырыбында өткен қалалық әдістемелік күн жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді деуге толық негіз бар.