Салалар
Талқылаулар
Новость
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл өткен жылға баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші біздің өткенге салауат айтып, жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтетініміз анық. Өтіп бара жатқан 2015 жылға зейін салсақ, табысымыз бен қуанышымыз, жетістігіміз бен жеңістеріміз мол болды.
Соның бірегейі - білім мекемесінің күрделі жөндеуден өтуі, мектебіміздің материалдық техникалық базасының жаңа компьютерлермен толықтырылуы, оқушыларымыздың түгелдей жаңа оқулықтармен толық қамтылуы, мектеп түлектерінің халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде білім сайыстарында жақсы жетістіктерге жетуі, 11 сынып оқушысы Үбініғажыпов Айдын мен 10 сынып оқушысы Толғанбаев Шернияз сынды оқушыларымыздың халықаралық резерв құрамасына кіруі, мектеп өз білімін нақтылап аттестаттаудан жоғары деңгейде өтуі. Бұл мектеп мақтанышы және ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Ия ұстаздарымыздың белесті биіктері мен беделді істері де жетерлік.
Жаңа жыл - жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
Қадірлі ата—аналар мен оқушылар!
Есік ашып енгелі тұрған 2016 жыл баршаңызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!
Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, сонымен қатар, халық қалаған, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болсын! Аспандарыңыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Құрметпен,
Мектеп директоры А.С.Сексенова
