Салалар
Талқылаулар
Новость
«Тәуелсіз ел-мәңгілік» көңілді тапқырлар клубы сайысы
Мектебімізде осы шуақты да, нұрлы күнге жеткізген батырларымызға арналған мерекелік көңілді тапқырлар клубы сайысы ұйымдастырылды. Желтоқсан көтерілісінде елі мен жері үшін аянбай күрескен батырларымызға алғысымыз шексіз, міне көптен күткен Тәуелсіздік күні мерекесі де келіп жетті.
Бүгін 5-6-7-8-9-10 сынып оқушылары өздерінің әдемі әзілдерімен қоса тапқырлықтарын ұтымды жолдармен жеткізуге асығуда. Өнер әлеміне қалықтаған шәкірттеріміздің бойындағы өнерлерін тамашалап қана қоймай, қолпаштап демеу көрсетеді деген оймен сіздерді бағдарламамен таныстырып өтейін.
Көңілді тапқырлар клубының марафонына
Командалар аты, топ жетекшілері:
- 5 «А» «Күлкі терапясы»
- 5 «Ә» «Бейбарыс»
- 5 «Б» «Самрұқ»
- 5 «В» «Сериуз»
- 6 «А» «Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек»
- 6 «Б» «Байдың балалары»
- 7 «А» «Барыс»
- 7 «Ә» «Жасұлан»
- 7 «Б» «Жеті керемет»
- 8 «А» «Күлкі командасы»
- 9 «А» «Арыстан»
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Жабагина Асем Қожабековна сөз сөйледі. Әділ қазылар алқасы бастауыш сынып мұғалімі - Маханбетәлі Ақтолқын Ғалымқызы, физика пәні мұғалімі - Ешимова Нұргүл Ахатқызы және бастауыш сынып мұғалімі - Қожабек Айзада Қанатқызы болды.







X