Салалар
Талқылаулар
Новость
Алматы қаласындағы туристік көпсайыстан аймақтық жарыс
Алматы қаласында 2016 жылдың 5-9 қаңтар аралығында туристік көпсайыстан алғашқы жарыс өтті. В.М.Чепельді еске алуға байланысты өткен жарыс спорт және туризм Қазақ академиясының кешенінде өтті.
Алматы қаласында 2016 жылдың 5-9 қаңтар аралығында туристік көпсайыстан алғашқы жарыс өтті. В.М.Чепельді еске алуға байланысты өткен жарыс спорт және туризм Қазақ академиясының кешенінде өтті.
Бұл жарысқа Қазақстан Респуликасының 9 аймағынан 23 команда қатысты.Біздің колледждің 2 курсынан 2ТРА-114 топ студенттері: Мухитов Артур, Дюсембаева Аяужан, Жакупова Меруерт, Искендеров Дамирдің қатысуымен «МПК» командасы сайысқа түсті.
Жарыс қарқыны өте жоғары болды. Жарысты ұйымдастырушылар мен басшылары командалардың жақсы дайындықпен келгенін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша спорттық туризмнен Республикалық сайыстан колледжіміздің «МПК» командасы 5 орынға ие болса, «Жекелей» қашықтықта (жасанды рельефте спорттық тауға шығудан) 3 жүлделі орынға ие болды.



