Салалар
Талқылаулар
Новость
Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай жер болмас» атты мерекелік іс – шарасы (1 – 4 сыныптар)
2015 – 2016 оқу жылы 14 желтоқсан күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай жер болмас» атты мерекелік іс – шара болып өтті.
Іс – шараның мақсаты: оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру, оқушыларды Отанымызды сүюге, туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеуге, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Мерекелік іс – шараға 2 – 4 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік іс – шараға бастауыш сыныбының мұғалімдері: Тасыбекова А. Н., Камитова А. Ж. жауапты болды. Концерт барысында оқушылар ән айтты, би биледі, өлең шумақтарын айтты және де мектепішілік, қалалық сайыстарға қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапатталды.
Мерекелік іс – шара барысында 2 – 4 сынып оқушылары Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің үздік оқушылары, аудандық, қалалық жарыстарда, сайыстарда, олимпиадаларда мектебіміздің намысын абыроймен қорғап жүрген оқушыларды қабылдадық. 2 – 4 сыныптар арасынан «Жас Қыран» қатарына 47 оқушы қабылданды.