Салалар
Талқылаулар
Новость
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
Алматы қаласында 14-18 қаңтар аралығында XII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды.
Алматы қаласында 14-18 қаңтар аралығында XII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды. Командалық есепте Гран-при жүлдесін Мәскеу қаласының №1329-ші мектеп командасы жеңіп алды. Олимпиадада сарапқа салынған 191 медальдың 48-ін Қазақстан жеңіп алды, соның ішінде астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді. 6 жүлденің 2-і дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне тиесілі. Жәутіков олимпиадасында Астана қаласының намысын Халықаралық деңгейде қорғаған мектебіміздің оқушылары:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Пәні |
Жетекшісі |
|
1 |
Мейрам Серикболсын |
9 |
Математика |
Мәуіт Ырсбек |
|
2 |
Нарбаев Бақдәурен |
9 |
Математика |
Мәуіт Ырсбек |
|
3 |
Балтабай Таһир |
9 |
Физика |
Хатап Хамбар |
|
4 |
Сарбақыш Нұрәлі |
9 |
Физика |
Хатап Хамбар |
Екі күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша математика пәнінен қатысқан 9-сынып оқушылары Мейрам Серикболсын мен Нарбаев Бақдәурен 11-сынып тапсырмасын шешіп, қола медаль еншілеп қайтты. Бұл үлкен дайындықтың, төгілген тердің ақталғандығы деп білеміз. Физика пәнінен барған Балтабай Таһир мен Сарбақыш Нұрәлі ешқандай орынға тұрақтамаса да, олимпиадада берілген есептің елу пайызын орындап келді. Бұл да үлкен жетістік деуге болады. Себебі сарапшылардың айтуынша, олимпиаданың сұрақтары өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда күрделірек, сондықтан нағыз интеллектуалды дарынды балалар ғана олимпиада есептерін шешіп, жеңімпаз атанатынын айтып өткен.
Жалпы биылғы Жәутіков олимпиадасына қсқаша тоқталып өтсек.
Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиадаға бұл жылы әлемнің 17 елінен құрамында 413 оқушы бар 63 команда қатысты. Бұл Жәутіков олимпиадасы тарихында рекордтық көрсеткіш. Ал Қазақстаннан барлығы бұл халықаралық сайысқа 138 оқушы қатысты. Сайыстың әділ қазылар алқасы кұрамында Қазақстан, Ресей, Болгария, Әзербайжан, Армения, Грузия, Белоруссия, Өзбекстан секілді 8 елдің ғалымдары жұмыс істеді. Ал жеке біріншілікте 38 қатысушыға алтын медаль, 57 оқушыға күміс медаль және 96 оқушыға қола медаль табыс етілді. ҚР ҰҒА академигі, қазылар алқасының тең төрағасы Асқар Жұмаділдаев астаналық оқушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.