Салалар
Талқылаулар
Новость
"Бастауыш сынып" бірлестігі апталығы басталды
25 қаңтардан 29 қаңтар аралығында гимназияда бастауыш сыныптар апталығы ашылды.
Апталықтың ашылуына 4 сынып оқушылары белсене ат салысып, ертегі және аңыз кейіпкерлері Қызыл телпек, Дымбілмес рөлін ерекше сомдап, мерекелік кештің сәнін келтірді.
Сонымен қатар 1-2 сынып оқушылары сайқымазақ биін билеп, көрермендерді тәнті етті. Апталықтың ашылуға қонаққа келген 1-7 сынып оқушылары үшін жаңылтпаштар айтудан, жұмбақтар шешуден, мақал- мәтелдердің жалғасын табуға байланысты үш тілде сайыстар ұйымдастырылды.
