Салалар
Талқылаулар
Новость
Әр жақсылыққа жеті жүз сауап.
Адам өміріндегі игі істердің бірі-мұқтаж жандарға көмек беру. Осы мақсатта мектебімізде қаңтар айының 23-і күні «Мейірім шапағаты» атты жәрмеңке өтті. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол ата-аналардың көп екеніне көзіміз жетті.

Қамқорлық ізгі ниетпен,
Туады жылы жүректен.
Арайлы күннің риясыз,
Шапағы сынды нұр төккен! –
деп басталған тебіреністі сөзден соң, оқушылар әзірлеген концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ерекше белсенділік танытқан төмендегі сыныптар: 1 «В» сынып жетекшісі Шингина Ажар Нигметжановна, 3«А»сынып жетекшісі Темирбекова Жұмагүл, 1 «Б» Сағымбаева Дария Мұхтарқызы, 2 «Б» Жусупова Орынгүл Қабдолқызы.
Жәрмеңкеден түскен қаржыны тәрбие бөлімі мүдделі,кіріптар,көмекке мұқтаж адамдарға таратуды жоспарлап отыр. Іс-шараға жауапты болған Мара Жамбылқызы қайырымдылық жасау әрбір адамның адамгершілік борышы дей келе, жәрмеңкеге ерекше белсенділікпен қатысқан оқушыларға,сынып жетекшілеріне, ата-аналарға шексіз алғыс білдірді.
Жүректен мейірім,көңілден адал пейіл азаймасын! Осындай игі істер өз жалғасын таба
берері сөзсіз.