Салалар
Талқылаулар
Новость
Кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша игілі істер атқарылуда:
Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша игілі істер атқарылуда:
2016 жылдың 20 қаңтарында Астана қаласының «Астана гуманитарлық колледжінен» 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларына кәсіптік бағыт беру мақсатында Астана гуманитарлық колледжінің биология және химия пәнінің мұғалімі Меруерт Женисовна келіп, өздерінің колледждеріндегі мамандықтар бойынша жеке-жеке тоқталып, олардың ақылы және ақысыз бөлімдерімен таныстырып, мәлімет берді. Және ол кәсіптік бағдар беруге 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, олардың әрқайсысының қойған сұрақтарына толықтай жауап берді. Жәнеде осындай кәсіптік бағдар беру мақсатында 2016 жылдың 22 қаңтарында Астана қаласының «Қаржы академиясы» колледжынан Муслиманова Гульмира Кусаиновна келіп, 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларынан сынама тест алып кетті және «Қаржы академиясы» колледжы туралы жалпы таныстырып оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушыларға «Қаржы академиясы» колледжіндегі мамандықтары мен ол колледегі ақысыз бөлімге қалай түсуге болатынын және қандай сабақтардан дайындалуы керек екендіктері туралы анықрақ айтып, түсіндіріп кетті. Оқушылар тестке белсене қатысып өз дәрежелері мен мүмкіндіктерін көрсетті.


