Салалар
Талқылаулар
Новость
«Білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдер - жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты деңгейлік курс аяқтаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
2016 жылғы 27 қаңтарында Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің 2015-2016 оқу жылының жоспарына сәйкес, №58мектеп-гимназиясында «Білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдер -жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты деңгейлік курс аяқтаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Қатысқандар: Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі .Г.Ибраева, әдіскерлер және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Барлығы 35 адам. Мақсаты:Білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдербойынша сабақ жоспарлау, жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізу. Семинарды мектеп директоры С.Б.Нугуманова алғы сөзімен ашты. Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г. Ибраева және Білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері К.І.Баяхметбаева құттықтау сөздерімен бастады. Бүгінгі семинар қатысушыларына сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Келген қонақтар талантты әрі шығармашыл мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Жас ақын Рахметов Айбек өзінің өлеңін оқыса, 11 сынып оқушылары Сәкен Сейфуллиннің өміріне арнаған шағын сахналық қойылымын ұсынды.
Семинардың екінші практикалық бөлімінде ашық сабақтар мен шебер сыныптар көрсетілді.
Семинарды қорытындылау мақсатында рефлексия жүргізілді. Тәжірибесін ортаға салған мұғалімдер әріптестерінің пікірлерін тыңдап, айтылған ұсыныстар талданды.




