Салалар
Талқылаулар
Новость
Экспо 2017 – аспаздардың қиялымен
2016 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласының «№6 Кәсіптік лицейінде» қалалық колледждер арасында «Экспо – 2017» тақырыбы аясында кулинарлық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа елордамыздың барлық колледждері қатысқан болатын.
2016 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласының «№6 Кәсіптік лицейінде» қалалық колледждер арасында «Экспо – 2017» тақырыбы аясында кулинарлық сайыс болып өтті. Аталған сайысқа елордамыздың барлық колледждері қатысқан болатын. Біздің колледжден «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының оқытушыларының жетекшілігімен аталған мамандық білім алушылары да бұл сайысқа арнайылап өз үлестерін қосты. Аталған сайысқа бөлім меңгерушісі Касенова Гүлбарам Сарсенбайқызы, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Билялова Қарлығаш Айдарханқызы, Нұрманова Ақжарқын Дарханқызы, Оразалина Балнұр Мұратқызы және 3 ОПМ-213 тобының білім алушылары Кенжина Гүлден мен Бозорбаева Нүрия қатысты. Бар шеберліктерін сала отырып, колледжіміздің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 1 ОПП-115 тобының білім алушылары өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен әр қазақтың дастарханынан табылатын бауырсағымызды, колледжіміздің эмблемасы бейнеленген тәтті тортын, «тартымдалған еттен әзірленген бәліш», «балық бәлішін», «кулебяка», «алмадан дайындалған шарлотка», орыс халқының «каравайын» сайысқа ұсынды. Тақырыптық сайыста шеберлікпен дайындалған кулинарлық өнімдердің эстетикалық әсемдігімен, тартымды дәмімен ерекшеленген біздің аспаздардың жұмысы ескеріліп, арнайы дипломмен марапатталды.

