Салалар
Талқылаулар
Новость
30 қаңтар күні жас маман, мектебіміздің психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді.
30 қаңтар күні жас маман, мектебіміздің психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі танып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүруге баулу. Тренингке мектеп директоры Кәмила Кәрімбердіқызы бастаған 13 ұстаз қатысты. Ұстаз мамандығының басқа мамандықтарға қарағанда стресстік жағдайларға душар болатындығын назарға ала отырып, ұстаз өзінің кәсіби ұстанымын жоғалтпай әрдайым көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажет екендігін айтып өтті.
«Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»тақырыбындағы
психологиялық тренинг
30 қаңтар күні жас маман, мектебіміздің психологы Мөлдір Әбдіғалиқызы мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі танып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүруге баулу. Тренингке мектеп директоры Кәмила Кәрімбердіқызы бастаған 13 ұстаз қатысты. Ұстаз мамандығының басқа мамандықтарға қарағанда стресстік жағдайларға душар болатындығын назарға ала отырып, ұстаз өзінің кәсіби ұстанымын жоғалтпай әрдайым көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажет екендігін айтып өтті.
Барлық қатысушылар тренинг барысында өздерін емін-еркін ұстап, өз ойларын ашық айтып, өзгенің пікірін тыңдап, шынайлылық, белсенділік таныта білді. Бір-бірінің жан дүниесін түсіне білуге бағытталған жаттығулар қатысушалрға үлкен әсер қалдырды. Тренинг соңында қатысушы ұстаздар өз әсерлерімен бөлісіп, түсінушілік пен сенімділік қалыптасқан ортада жылы қарым-қатынас одан әрі орнады деп тілектерін білдірді.
Өмірлеріңіз әрқашан жарқын, еңбектеріңіз жемісті болып және де әрдайым көңіл-күйімізді түсірмей, көңіл-күйімізді көтеріп жүру өз қолымызда екенін ұмытпайық деп психолог тілек білдіріп тренингті аяқтады.
![]() |
|
![]() |
