Салалар
Талқылаулар
Новость
Физика - математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесу .
Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінде 29.01.16ж күні МИФ кафедрасының «Нақты ғылым – XXI ғасырда» апталығы аясында өскелең ұрпақтың еліне, халқына деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, болашаққа деген ой-пікірлерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету мен оқушылардың математика ғылымына деген қызығушылығын арттыру мақсатында ФМҒ докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА - ның академигі Мұхтарбай Өтелбаевпен кездесу өтті.

М.Өтелбаев ағамыз Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің математика пәні ұстаздарының іс тәжірибесімен танысты.

Бабаларды еске аламыз сағына,
Ар дегенде –жарыламыз ағынан.
Ұлтымыздың ұлағатын танытып,
Туған ұлсыз еліміздің бағына!
Жауымызға қарсы шықсаң-сестіміз,
Оқу, ғылым меңгеруде – естіміз.
Өр Қазақтың ардақ даңқын асырып,
Мыңжылдықтың есебін де шештіңіз!
Арман –пенде әманда үміт үзген бе,
Өріс кең ғой желкен жайып жүзгенге.
Ізбасарлар жолыңызды жалғаған,
Өз кезінде оза шапсын сізден де!
Кеш қонағы М.Өтелбаев ағамыз оқушыларға халық әнің орындап берді.
Бүгінгі кездесудің қонақтары:
- Адамов Әбілмәжі Әбдірахманұлы – Математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі. М.Ғ.Докторы. Профессор
- Тұрдыбек Бекжан – Іргелі математика кафедрасы. Математика Ғылымдары Докторы. Профессор
- Қозыбаев Данияр Алгебра кафедрасыс меңгерушісі PHD доктор